Елбасы Өзбекстан президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың атына Як-40 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың опат болуына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Жеделхатта Н.Назарбаев қаза тапқандардың туыс-туғандары мен жақындарына өз атынан және Қазақстан халқының атынан қайғыларына ортақтаса көңіл айтты.
"13-қаңтарда Ташкент әуежайында бірнеше ондаған адамның өмірін қиған ұшақ апаты болғандығы туралы қаралы хабарды жаным ауыра қарсы алдым",- делінген жеделхат мәтінінде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Өзбекстан ұлттық әуе компаниясының апатқа ұшыраған Як-40 ұшағы қонуға бет алған сәтте Ташкент әуежайының аумағындағы бетон қоршаумен соқтығысып қалған. Соның салдарынан ұшақ жарылып кетті. Апаттан 32 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі опат болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін