Елбасы Өзбекстан президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Өзбекстан президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады

Елбасы Өзбекстан президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың атына Як-40 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың опат болуына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 455
Фото - Caravan.kz

Жеделхатта Н.Назарбаев қаза тапқандардың туыс-туғандары мен жақындарына өз атынан және Қазақстан халқының атынан қайғыларына ортақтаса көңіл айтты.

«13-қаңтарда Ташкент әуежайында бірнеше ондаған адамның өмірін қиған ұшақ апаты болғандығы туралы қаралы хабарды жаным ауыра қарсы алдым»,- делінген жеделхат мәтінінде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Өзбекстан ұлттық әуе компаниясының апатқа ұшыраған Як-40 ұшағы қонуға бет алған сәтте Ташкент әуежайының аумағындағы бетон қоршаумен соқтығысып қалған. Соның салдарынан ұшақ жарылып кетті. Апаттан 32 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі опат болды.

Соңғы жаңалықтар