М.Еденов 37 жаста. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. 90-шы жылдардың басында Қазақстанның ұлттық мұнай компанияларында жұмыс істеп, ҚР мұнай және аз өнеркәсібі министрінің орынбасары орынтағында отырды. Халықаралық компаниялардың заңгер-кеңесшісі болды. Соңғы 5 жыл бойы Қазақстан президентінің кеңесшісі.
Р.Чердабаев 1940-жылы туған. Мәскеу мұнайхимиясы және газ өнеркәсібі институтының түлегі, инженер-механик. Экономика ғылымдарының докторы. Мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорындарында жұмыс істеген. 90-шы жылдардың басында «Теңізшевройл» компаниясында жетекші лауазымдар атқарды. 1994-жылы ҚР мұнай және газ өнеркәсібі министрі болды. 1994-1999-жылдарда Атырау облысының әкімшілігін басқарды. 1999-2003-жылдарда Қазақстанның Украина мен Молдовадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарды. 2003-жылдан бері Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі келіссөздерге ҚР атынан қатысушы өкіл қызметін атқарған. Қазақстан парламенті мәжілісінің биылғы қыркүйекте өткен сайлауында «Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша депутаттыққа сайланды.