Елбасы Палестинаны азат ету ұйымының өкілімен жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Палестинаны азат ету ұйымының өкілімен жүздесті

Елбасы Палестинаны азат ету ұйымының өкілімен жүздесті

АЛМАТЫ. 16-маусым. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Палестинаны азат ету ұйымы атқару комитетінің мүшесі Мохаммед Саад Ахмед Аудмен (Тайсир Халед) кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Маусым 2006
  • 452
Фото - Caravan.kz

“Қазақстан президентімен кездесу аса пайдалы әрі конструктивті болды. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік, тұрақтылық пен ілгерілеушілікке бағытталған күш-жігеріне құрметімізді білдірдік”,- деді Палестина өкілі.

Палестинаны азат ету ұйымы өкілінің айтуынша, Қазақстан президентімен кездесу барысында сондай-ақ Палестина мен Израиль арасындағы шиеленіс тақырыбы да талқыланды. “Біз Қазақстан президентіне халқымыздың қандай ахуалда өмір сүріп жатқаны, Израиль тарапынан қандай қорлық көріп отырғаны туралы түсіндірдік”,- деді өкіл.

“Кездесу барысында мен Нұрсұлтан Назарбаевқа Палестина президентінің жолдауын табыс еттім”,- деді ол.

Палестина мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2005-жылы 32,8 мың долларды құрады.

Перейти к новостям спорта