Елбасы парламентте қабылданған "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңды Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
0 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы парламентте қабылданған "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңды Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынды

Елбасы парламентте қабылданған "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңды Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламентте қабылданған "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңды Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынды. Бұл мекеме заңның ҚР Ата заңына сәйкестігін бір ай ішінде сараптайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаңа сайлау заңына қатысты жұмыстар бір жылға жуық созылды. Нәтижесінде заң жобасының үкіметтік үлгісі негіз етіп алынды. Парламент бұл құжатты 2003-жылдың 26-желтоқсанында талқылай бастаған. Алайда, өзара келіспеушілікті еңсере алмаған депутаттар келісім комиссиясын құрды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы» заң 2004-жылдың 15-наурызында қабылданды.