Жарияланды: 410

Елбасы парламенттен Ұлттық банк төрағасына Әнуар Сәйденовты тағайындауға келісім беруді сұрады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламенттен Ұлттық банк төрағасына Әнуар Сәйденовты тағайындауға келісім беруді сұрады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

"ҚР Ата заңының 53 бабы, 5-тармағына сәйкес Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденовты ҚР Ұлттық банкінің төрағасына тағайындауға келісім берулеріңізді сұраймын",- делінген Елбасының парламентке арнаған өтінішінде. Осы сәттерде Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталғалы отыр. Онда Ә.Сәйденовты ҚР Ұлттық банкінің төрағасына тағайындау туралы мәселе қаралмақшы. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлттық банктің бұған дейінгі басшысы Григорий Марченко ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалғаннан кейін Ұлттық банк төрағасының орынтағы бос тұрған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін