Елбасы PetroKazakhstan мен CNPC International Ltd. арасындағы сауда-саттықты қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы PetroKazakhstan мен CNPC International Ltd. арасындағы сауда-саттықты қолдады

Елбасы PetroKazakhstan мен CNPC International Ltd. арасындағы сауда-саттықты қолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев PetroKazakhstan мен CNPC International Ltd. арасындағы сауда-саттықты қолдады. Бұл туралы бүгін, 10-қарашада CNPC президенті Чень Дэн Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хаюарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қараша 2005
  • 365
Фото - Caravan.kz

«CNPC шетелдік инвестор ретінде Қазақстанда жұмыс істегелі 8 жыл болды. 16-желтоқсанда Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы аяқталады. Ол былтырғы жылдың 28-қыркүйегінде басталған болатын»,- деді Чень Дэн.

«Мұнай құбырын тартып бітіру мен PetroKazakhstan акцияларын сатып алу CNPC мен «ҚазМұнайГаз» арасындағы ынтымақтастықтың жаңаша кезеңі басталғанын айғақтайды»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың қазан айының аяғында CNPC International Ltd. PetroKazakhstan компаниясының акцияларының әрбіреуін 55 долларға сатып алды.
Нәтижесінде PetroKazakhstan компаниясы аяғында CNPC International Ltd. компаниясының толық жанама иелігіндегі бөлімшесіне айналды.

Перейти к новостям спорта