Елбасы «Қайратты көшбасшы-қуатты бизнес» форумына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы «Қайратты көшбасшы-қуатты бизнес» форумына қатысады

Елбасы «Қайратты көшбасшы-қуатты бизнес» форумына қатысады

Бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты индустриялық-инновациялық форумы өтуде.

  • 4 Шiлде 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Екі күнге ұласатын форумның алғашқы күні «Қазақстандық қамту-2011» көрмесі ашылады. Бұған Елбасы Н. Назарбаев қатысады деп күтілуде.

«Қазақстандық қамту-2011» көрмесіне 150-ге жуық кәсіпорын қатысады. Шараны ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ашып, күннің екінші жартысында «Қайратты көшбасшы — қуатты бизнес» форумы өтеді. Жиын жұмысына Елбасы Н.Назарбаев қатысып, оған ҮИИДБ-ның есебі ұсынылады деп жоспарланған. Сондай-ақ, индустрияландыру картасының 2011-ші жылдың бірінші жарты жылдығындағы бойынша жалпы құны 114 млрд. теңгенің 75 инвестициялық жобасының тұсауы кесіледі. Бұл кәсіпорындар 9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған.

Ал форум аясында жалпыұлттық телекөпір ұйымдастырылып, «Онлайн» режимінде Елбасы ұлттық экономика үшін аса маңызды 6 жобаның басталуына куә болады. Олар: Алматы облысындағы «СОНиК Компаниясы» ЖШС профилді құбыр шығаратын зауыты, Павлодар облысындағы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС жүк вагондары өндірісі, Жамбыл облысындағы Ақбақай алтын өндіру фабрикасы, Маңғыстау облысындағы «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС теңіз металл конструкциялары өндірісі, Қарағанды облысындағы «Green Technology»ЖШС жылыжай кешені, Қостанай облысындағы «АгромашХолдинг» АҚ-ның «SsangYong» маркалы автокөліктерін жинау өндірісін ұйымдастыру.

Соңғы жаңалықтар