Елбасы Қарағандыда керамикалық кірпіш шығаратын жаңа зауытта болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қарағандыда керамикалық кірпіш шығаратын жаңа зауытта болды

Елбасы Қарағандыда керамикалық кірпіш шығаратын жаңа зауытта болды

ҚАРАҒАНДЫ. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына сапары барысында облыс орталығындағы керамикалық кірпіш шығаратын "Keratek" ЖШС зауытында болып, еңбек ұжымын зауыттың іске қосылуымен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Тамыз 2006
  • 600
Фото - Caravan.kz

— Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі негізінен біздің кәсіпорындарымыз өнімінің әлемдік рынокта қаншалықты бәсекеге қабілетті болуына да байланысты. Бұған осындай сіздердің жоғары технологиялық, қазіргі заманғы өндірістеріңіздің шамасы келеді деп ойлаймын, — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев зауыт ұжымына арнаған сөзінде.

«Keratek» ЖШС қызметінің негізгі бағыты құрылысқа арналған және керамикалық кірпіш өндіру болып табылады. Кірпіш өндіруге жергілікті шикізат пайдаланылады.

Жаңа зауыт жоғары технологиялы неміс қондырғыларымен жабдықталған. Зауыттың зертханасы өнім сапасына көпсатылы үздіксіз бақылау жасауды жүзеге асырады.

Перейти к новостям спорта