Қарағанды әуежайында Н.Назарбаевты облыс әкімі Камалтин Мұхамеджанов пен Қарағанды қаласының әкімі Юрий Литвинов қарсы алды. Елбасы әуежайдан бірден фитохимия институты мен фармацевтикалық кешенге барды.
Елбасы сонымен бірге бүгін жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, Қарағандыны дамыту жоспарының тұсаукесеріне қатысады.
Президент бүгін Шахтинск және Теміртауда болып, кеншілермен жүздеседі.
17-маусымда Қарағандыда Шетелдік инвесторлар кеңесінің 13-ші жалпы жиналысы өтеді. Бұл бас қосу «Орталық Азияның аймақтық экономикалық дамуында Қазақстанның атқаратын рөлі» тақырыбына арналады. Жиында Н.Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде.