Елбасы қараша айында Ұлыбританияға сапармен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы қараша айында Ұлыбританияға сапармен барады

Елбасы қараша айында Ұлыбританияға сапармен барады

АСТАНА. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қараша айында Ұлыбританияға сапармен барады. Бұл туралы Республикалық "Отан" партиясының төрағасы міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов бүгін Ұлыбритания парламенті қауымдар палатасының депутаты, Ұлыбритания консервативтік партиясының вице-төрағасы Ричард Спринг мырзамен кездесуде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2006
  • 359
Фото - Caravan.kz



«Қазақстан мемлекет басшысының алдағы сапарына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания консервативтік партиясының жетекшісі Дэвид Камеронмен кездесу мүмкіндігін қарастырған орынды деп санаймын»,- деді Б.Жұмағұлов.

«Нұрсұлтан Назарбаев «Отан» партиясының жетекшісі болғандықтан, мұндай кездесу екі елдің партияаралық байланысын нығайтуға септігін тигізер еді»,- деді ол.

Сонымен бірге тараптар Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның Вестминистр демократиялық қоры арасында етене жақы байланыстар орнатуға және сол арқылы заң шығару саласында сарапшылармен алмасуға, партияаралық және парламентаралық ынтымақтастық мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Перейти к новостям спорта