Елбасы Қарашығанақ кенішіндегі жаңа өндірістік нысандардан шығарылған алғашқы мұнайды экспортқа жөнелтуге арналған салтанатқа қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қарашығанақ кенішіндегі жаңа өндірістік нысандардан шығарылған алғашқы мұнайды экспортқа жөнелтуге арналған салтанатқа қатысты

Елбасы Қарашығанақ кенішіндегі жаңа өндірістік нысандардан шығарылған алғашқы мұнайды экспортқа жөнелтуге арналған салтанатқа қатысты

Бүгін, 1-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарашығанақ кенішіндегі жаңа өндірістік нысандардан шығарылған алғашқы мұнайды экспортқа жөнелтуге ресми старт беріп, символдық ағызғыш тетікті ашты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Тамыз 2003
  • 676
Фото - Caravan.kz

Халықаралық «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг бв.» консорциумының

бас директоры Джон Морроудың салтанатта атап көрсеткеніндей, «1997-жылдың қараша айында өзара өнім бөлісу, кенішті игеру және өңдеу жөнінде 40 жылдық келісімге қол қойылғанда Қазақстан Республикасы мен Аджип (32.5%), Би Джи Групп (32.5%), Тексако (20%) және Лукойл (15%) компаниялары бірлесіп Қарашығанақ Интеграциялық Ұйымы атты консорциум құрған. Қазақстанда бұл ұйым «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг бв.» ретінде белгілі. КПО кеніштің мүмкіндіктерін толыққанды іске қосу үшін кеніштің өндірістік қуатын арттыруға, жаңа жабдықтар орнатуға, ұңғы тәрізді өндірістік инфрақұрылымды жақсартуға міндеттеме жүктеген. Консорциум бұл міндеттемесін толық атқарып шықты»,- деді Дж.Морроу.
«Мұндай табыс — КПО қызметкерлері мен мердігерлердің ерен еңбегінің , сондай-ақ, КПО, Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі мен «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ арасындағы тиімді әрі тығыз ынтымақтастықтың жемісі»,- деді Джон Морроу.
Өз кезегінде Елбасы : «бірінші кезекте халықтың игілігіне, сондай-ақ, жобаға үлес қосушылардың мүддесіне жұмыс істейтін осынау таңғажайып кешенде жұмыс істеушілерді, мердігерлер мен инвесторларды зор табыстарымен құттықтаймын»,- деді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгіннен бастап халықаралық рынокқа жол тартқан Қарашығанақ мұнайының көлемі жылына 8 млн. тоннаны құрайтын болады деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, салтанатты шараға Қазақстан үкіметінің өкілдері мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, сондай-ақ, КПО құрылтайшысы болып табылатын «Би Джи Групп», Эни, ШевронТексако және Лукойл тәрізді 4 компанияның басшылары қатысты.
Сөйтіп, Қарашығанақта кенішті игеру бағдарламасының екінші сатысы жүзеге асырылды. Бұл сатыда бірнеше ірі өндірістік нысандар пайдалануға берілуі тиіс, атап айтсақ, газды кері бағытта пластқа айдау қондырғысы ГП-2, жылына 7 млн. тонна сұйық көмірсутегі шикізатын өңдей алатын КПК өңдеу кешені, КТК құбыр жүйесіне шығатын 635 шақырымдық Ақсай-Үлкен Шаған-Атырау бағытындағы экспорттық мұнай құбырын пайдалануға беру шарасы жүзеге асады деген сөз.
КПК кешені КТК құбыр жүйесіне жылына 7 млн. тонна сұйық көмірсутегі шикізатын жіберуге мүмкіндік жасайды. Жалпы алғанда, кеніштегі сұйық көмірсутегі шикізатын өндіру көлемі жылына 10 млн. тоннадан асады деп күтілуде.
Ал 3 және 4-сатыда өндірілген газды сату тұрғысында келісімдерге қол қою көзделген.

Соңғы жаңалықтар