Елбасы Қарашығанақ өңдеу кешені құрылысының аяқталуына арналған митингіге қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қарашығанақ өңдеу кешені құрылысының аяқталуына арналған митингіге қатысады

Елбасы Қарашығанақ өңдеу кешені құрылысының аяқталуына арналған митингіге қатысады

1-тамызда жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстан облысына баратын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарашығанақ өңдеу кешені құрылысының аяқталуына, соған сәйкес сұйық көмірсутегі шикізатын КТК құбыр жүйесіне жібере бастауға арналған митингіге қатысады. Бұл туралы бүгін, 30-шілдеде Елбасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Шiлде 2003
  • 1001
Фото - Caravan.kz

Қарашығанақты аралау барысында Н.Назарбаев сондай-ақ, КИО жобасына қатысушы «Бритиш газ», «Лукойл» және «ШевронТексако» компанияларының басшыларымен жүздеспекші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сол күні түстен кейін Елбасы Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданын аралайды. 2-тамызда Н.Назарбаев облыстың Зеленовский және Тасқала аудандарында болып, ондағы егін орағына дайындық жұмыстарының барысымен танысып , агроөнеркәсіп кешенің қызметкерлерімен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар