«»Қазагро» мемлекеттік холдингіне еліміздің негізгі астықты аймақтарының басшылығымен бірлесе отырып, биоэтанол өндіретін өнеркәсіптің жаңа саласын құруға қолдау көрсетуді тапсырамын»,- деді Н.Назарбаев агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде.
«Біз Солтүстік Қазақстанда ТМД аясында баламасы жоқ бірегей биоэтанол өндірісінің ашылғанын хабарлағанбыз. Таяу уақыттарда елімізде тағы да осындай екі кешен ашылады»,- деді президент.
Н.Назарбаев сонымен бірге «Қазақстан бидайын Иран, Әзербайжан, Мысыр мен жалпы Кавказдың дамып келе жатқан нарығына экспортқа шағару мүмкіндіктерінің аясын» кеңейту қажеттігін еске салды. «Мемлекеттің мақсаты — экспортты қолдап, тиісті инфрақұрылымды қалыптастыру»,- деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті