«Бүгінде кәсіподақ ұйымдары республикамызда құрылған азаматтық қоғам институттарының арасындағы беделді ұйымға айналды»,- делінген құжатта. Елбасының пікірінше, «нарықтық экономиканы және жаңаша өндірістік қатынастарды дамытуда, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде, әлеуметтік-экономикалық түйткілдерді шешуде еңбек ұжымдары маңызды роль атқарады».
Мемлекет басшысы «Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары мемлекетіміз бет алған үдемелі модернизациялық бағдарды жүзеге асыруға жан-жақты қолдап көмектеседі, бәсекеге қабілетті экономика құру мен халықтың әл-ахуалын жақсартуды демейді» дегенге сенім білдіреді,- делінген жолдауда.