Елбасы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды

Елбасы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын саралап, баға беретін заманауи интеллектуалдық орталық болуды көздеп отырған музейдің қызметі туралы баяндалды.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 364
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінге дейінгі археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени ескерткіштері қойылған экспозициялық залдарды аралап көрді.

                                                                    ***

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2014 жылы ашылды. Жалпы алаңы 74 мың шаршы метр болатын музей кешені жеті блоктан тұрады. 14 мың шаршы метрден астам аумақта 11 тақырыптық зал бар орналасқан, олардың қатарында Астанаға, Тәуелсіз Қазақстанға арналған залдар, алтын залы, ежелгі және орта ғасыр тарихы, этнография және қазіргі заманғы өнер залдары бар. Мекеме әлемдік стандарттарға сай құралдармен жабдықталған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары қолданылады.

Сонымен қатар, балалар музейіне, балалардың шығармашылық орталығына, көрме залдарына, қалпына келтіру шеберханаларына, зертханаларға, кәсіби қор сақтау қоймасына, оқу залы бар ғылыми кітапханаға, конференция залы мен кәдесыйлар дүңгіршектеріне арналған орынжайлар қарастырылған.


Перейти к новостям спорта