Елбасы Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында бір топ азаматты ордендер мен құтмет грамоталарымен марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында бір топ азаматты ордендер мен құтмет грамоталарымен марапаттады

Елбасы Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында бір топ азаматты ордендер мен құтмет грамоталарымен марапаттады

АСТАНА. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз өкімімен еліміздің бір топ азаматын мемлекет алдындығы ерен еңбегі үшін, қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуы, халықтар достығы мен ынтымақтастығына қосқан үлестері үшін республиканың мемлекеттік сыйлықтарымен марапаттады,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 479
Фото - Caravan.kz

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, ордендер мен медальдарға ие болғандар қатарында кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық қожалықтар, қаржы секторының, шағын және орта бизнес өкілдері, өндіруші саланың қызметкерлері, мәдениет, ғылым, білім салаларының қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар, қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдары, әскерилер, еңбек ардагерлері мен мемлекет қызметкерлері болды. Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс пен әлеуметтік салының 57 өкіліне табыс етті.

Ал Қазақстан республикасының құрмет грамотасын 229 адам иеленді.

Наградаға ие болғандар тізімі жергілікті баспа беттерінде жарық көреді,-деп хабарлайды президент баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта