Елбасы Қазақстанда инвесторлардың құқығын қорғау туралы заң қабылдау қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстанда инвесторлардың құқығын қорғау туралы заң қабылдау қажет деп санайды

Елбасы Қазақстанда инвесторлардың құқығын қорғау туралы заң қабылдау қажет деп санайды

Елбасы Қазақстанда инвесторлардың құқығын қорғау туралы заң қабылдау қажет деп санайды. Бүгін, 15-қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің ІҮ конгрессінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қараша 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

Елбасының пікірінше, бұл заңды «қаржы рыногының дамуына, қаржылық институттар санының артуына және тұрғындардың жинақтаған қаржысын қор рыногына тарту жоспарына сәйкес» жобалап қабылдау қажет.

«Мейлі шетелдік, мейлі отандық болсын, кез-келген инвестор өзінің құқығы заңмен қорғалғанына, оның қаржылық активтері мен жиған-терген қаржысы туралы ақпаратты қандай жағдайда да ешкім де ала алмайды дегенге сенімді болуы тиіс»,- деді Елбасы.

Перейти к новостям спорта