Елбасы Қазақстандағы туризмнің неден ақсайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстандағы туризмнің неден ақсайтынын айтты

Елбасы Қазақстандағы туризмнің неден ақсайтынын айтты

Президенттің сөзінше, ел басшылығының міндеті – Қазақстанның мүмкіндігін паш етіп, туризмді дамыту.

  • 11 Шiлде 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Щуче-Бурабай курорттық аймағындағы шаңғы трамплинінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде республикадағы туризимнің кемшін тұсын айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Біз қонақүй салып жатырмыз, бірақ қызмет көрсету мәселесі басты тақырып болып қалып отыр. Біз жастарды дайындап, оларға үйретуіміз керек. Бұрын туристік салаға аса көп көңіл бөлген жоқпыз, өйткені экономикалық жағдай оны толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Ал қазір бір дамуға жақындап қалдық. Қазақстандықтар әлем бойынша барлық курортты аралап шықты, теңізді де көрді, бәрін біледі. Мен де олардың арасында бармын", – деді Мемлекет басшысы.  

Президенттің сөзінше, ел басшылығының міндеті – Қазақстанның мүмкіндігін паш етіп, туризмді дамыту. Біріншіден, мемлекет осы жоспар бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, екіншіден, бұл сала экономикалық тұрғыдан алғанда тиімді. Туризм үшін қызмет көрсету сапасы жақсы болуы тиіс. 

"Алдымен бұл жерде ішкі инфрақұрылымды аяқтау керек. Біз сыртқы инфрақұрылымды дайындап қойдық. Астана – Бурабай үлкен даңғылы салынды, теміржол салынды, Көкшетау әуежайы жөнделді. Енді электр, су, құбыр сияқты барлық нысанның инфрақұрылымы бойынша жұмыс істеуіміз керек. Мемлекеттен басқа ешкім бұндай жұмыспен айналыспайды. Сосын барып инвесторларға мүмкіндік беріледі. Адамдар бұған үйреніп те қалды, өздеріңіз білетіндей Rixos қонақүйі салынды. Менің тапсырмам бойынша, 2023 жылға дейін туризмді дамытуға арналған бес жылдық бағдарлама қабылданды", – деді Назарбаев. 

Өз кезегінде ҚР бірінші вице премьер-министрі Асқар Мамин Назарбаевқа Бурабай курорттық аймағының дамуы туралы айтты. Ол 2023 жылға дейін туристер легін 750 мыңнан 2 миллионға дейін көбейту жоспары бар екенін мәлімдеді. Ал ішкі туризмді 500 мыңнан 2 миллионға дейін көбейтуге кепіл берді.  


Естеріңізге салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Щуче-Бурабай курорттық аймағындағы шаңғы трамплинін ашқан еді. 

Щучедегі шаңғы спорты республикалық базасының құрылысы 2005 жылы басталған болатын. Басында нысанның құны 9 миллиард 346 миллион теңгені құрады. Нысан 2008 жылы салынып бітуі тиіс еді. 2017 жылы ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорттық нысанды 2018 жылдың мамырында ашуға уәде берді. 

Соңғы жаңалықтар