Елбасы: Қазақстанды автократияда сынаудың реті жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Қазақстанды автократияда сынаудың реті жоқ

Елбасы: Қазақстанды автократияда сынаудың реті жоқ

Қазақстанды автократияда сынаудың реті жоқ. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында

  • 28 Тамыз 2015
  • 537
Фото - Caravan.kz


Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірілік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Мен білемін, кейбір кездерде бізді автократияда сынап жатады. Автократия жөнінде қалайша айтуға болады, әрбір 4-5 жылда жалпыхалықтық дауыс беруде халық өзінің Президентін, Парламентін сайлайды, яғни еркін баламалы сайлауда таңдау жасайды. Бізге батыс елдері өмір сүріп жатқан демократия жолы бойынша жылдам жылжу керектігін айтып жатады. Біз осының барлығын түсінеміз. Демократия  — адамзаттың дамуының жалпы даңғыл жолы, біз солай жылжып келеміз. Алайда біз азиялық қоғам екенімізді, сондай-ақ батысқа қарағанда, ерекше дәстүріміз бар екенін үнемі ескерудеміз»,- деді Президент.
Осы орайда Елбасы азиялық өңірде діни, мәдени көзқарастар өзгеше екенін, сондықтан да байыппен алға жылжу керектігін атап өтті. 
«Яғни, біздің өмірлік іс-әрекетімізді бағалау кезінде достарымызға ең алдымен азиялық қоғамның жүйесіне, тарихына, мәдениетіне, дәстүріне тереңдеп үңілуіне кеңес берер едім. Егер мемлекет құрылысына қадамымыз асығыс түрде саяси абстрактілі жүйелерге арналса, онда біз сәтсіздікке жол берер едік. Бұны біз жақын көршілес елдердің үлгісінен көріп отырмыз. Атап айтқанда, бұндай сәтсіздік апатты деңгейде болар еді», — деп түйді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар