Журналистерге арналған брифингте Р.Халмурадовтың атап көрсеткеніндей, «ол президентке Қазақстан халқына арнаған жолдауында жария етілген тапсырамалардың жүзеге асырылу және талқылану барысы, мақта кластерін құру және тоқыма өндірісі мен шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының жүзеге асырылу барысынан хабардар етті». «Биыл тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу межеленген. Облыс бойынша биылғы жоспарды асыра орындауға мүмкіндік бар»,- деді ол.
Р.Халмурадов сонымен бірге «президентті жолдаудағы Орталық Азиялық одақ құру туралы идеяның талқылану барысынан» құлағдар етті. «Президент менен «Достлик» қауымдастығының атынан Өзбекстан үкіметіне бұл идеяны қолдау туралы ұсыныс жасауды өтінді»,- деді ол. Р.Халмурадов «бұл идеяны «Достлик» халықтық дипломатия жолымен насихаттайтын болады», деп мәлімдеді.
Президентпен кездесуде Р.Халмурадов «өзбек тілінде оқытатын мектептерге арнап мұғалімдер дайындау», «Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзбек драма театрына республикалық мәртебе беру», «өзбек тілінде білім беретін мектеп түлектеріне арнап Бірыңғай ұлттық тестілеуді енгізу» мәселелерін де сарапқа салған. «Достлик» төрағасының айтуынша, «президент министрліктер мен Қазақстан халықтарының ассамблеясы кеңесінің хатшылығына тиісті тапсырмалар берді». «Президент еліміздегі ұлттық-мәдени орталықтардың, соның ішінде өзбек ұлттық-мәдени орталығының жұмысына қанағаттанғандық сезім білдіріп, бізге жұмыс барысында назар аударатын бағыттар төңірегінде тапсырмалар берді»,- деді Р.Халмурадов.