Елбасы «Қазақстандық қамту -2011» көрмесін аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы «Қазақстандық қамту -2011» көрмесін аралап көрді

Елбасы «Қазақстандық қамту -2011» көрмесін аралап көрді

Бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты индустриялық-инновациялық форумы аясында Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстандық қамту-2011» көрмесін аралап көрді.

  • 4 Шiлде 2011
  • 420
Фото - Caravan.kz

Көрменің экспозицияларын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, «Жергілікті үлесті дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ төрағасы Жандарбек Кәкішев, «ҚазМұнайГаз» ҰК төрағасы Қайыргелді Қабылдин мен «Қазақстан теміржолы» ҰК басшысы Асқар Мамин таныстырып шықты.

«Қазақстандық қамту-201» көрмесіне 150-ге жуық кәсіпорын қатысып отыр. Сонымен қатар, жиын барысында ҮИИДБ-ның есебі ұсынылады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, облыс әкімдері Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен индустрияландыру картасының 2011-ші жылдың бірінші жарты жылдығындағы инвестициялық жобаларды таныстырды. Ол бойынша жалпы құны 114 млрд.теңгенің 75 инвестициялық жобасының тұсауы кесіледі.

Ал форум аясында жалпыұлттық телекөпір ұйымдастырылып, «Онлайн» режимінде Елбасы ұлттық экономика үшін аса маңызды 6 жобаның басталуына куә болады. Олар: Алматы облысындағы «СОНиК Компаниясы» ЖШС профилді құбыр шығаратын зауыты, Павлодар облысындағы «Қазақстан вагонжасау кампаниясы» ЖШС жүк вагондары өндірісі, Жамбыл облысындағы Ақбақай алтын өндіру фабрикасы, Маңғыстау облысындағы «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС теңіз металлконструкциялары өндірісі, Қарағанды облысындағы «Green Technology»ЖШС Жылыжай кешені, Қостанай облысындағы «АгромашХолдинг» АҚ-ның «SsangYong» маркалы автокөліктерін жинау өндірісін ұйымдастыру.

Соңғы жаңалықтар