Елбасы Қазақстандықтарды сайлау алдындағы жалған ұрандар мен ұрындыратын ұсыныстардан сақтандырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстандықтарды сайлау алдындағы жалған ұрандар мен ұрындыратын ұсыныстардан сақтандырады

Елбасы Қазақстандықтарды сайлау алдындағы жалған ұрандар мен ұрындыратын ұсыныстардан сақтандырады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандықтарды сайлау алдындағы жалған ұрандар мен ұрындыратын ұсыныстардан сақтандырады. Кеше, 13-қыркүйекте "Отан" партиясы жақтастарының форумында сөз сөйлеген мемлекет басшысы осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 14 Қыркүйек 2004
  • 1677
Фото - Caravan.kz

«Қазір кейбіреулер мұнай мен басқа да ресурстарды экспорттаудан түскен ақша қайда кетіп жатыр деп сұрайды. Бірақ солар әлеуметтік бағдарламаларға, жалақы мен зейнетақыны арттыруға жұмсалған қаржы қайдан шықты деп сұрамайды»,- деді Елбасы. «Ауылды дамытуға және мәдениетті қайтадан жаңғыртуға, қорғаныс пен қауіпсіздікті нығайтуға жұмсалып жатқан қаржы қайдан шықты?». «Осының бәрі шикізаттан, мемлекетке салық төлеп отырған кәсіпорындардан алынған қаржы»,- деді Н.Назарбаев. «Бүкіл қаржы ағынын қаржы министрлігі қатаң бақылап, парламент шығындарды бөліске салады»,- дегенді еске салды ол.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев кейбір саяси лидерлердің «Қазақстанның жер қойнауын шетелдік инвесторлар тіпті саудаласып жатпай-ақ, оп-оңай сатып алды» деген уәждерін де қатаң жоққа шығарды. «Жер қойнауы мен оның ресурстары мемлекеттің меншігінде, ал жер — егеменді Қазақстанның аумағы қалпында қалды емес пе»,- деп шегеледі. Елбасы «егер елімізге шетелдік инвестициялар келмесе, байлықтарымыз игерусіз қалып, халыққа ешбір пайда әкелмес еді» деген пікірде. «Қазақстанға салынып жатқан шетелдік инвестиция ауқымын біздің ең басты жетістігіміз деп білу қажет»,- деп пайымдайды Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы жекешелендіру қорытындысын қайтадан қарауға жол бермейтінін атап көрсетті. Жекелеген саяси лидерлер жекешелендіру теріс жүзеге асырылды деп мәлімдеп жүргенін еске салған Елбасы «мұндай мәлімдеменің ар жағында оны қайта қарап, қайтадан бөліске салу ниеті қылаң береді» деп атап өтті. Мұндай мәлімдеме жасайтындар «тек сол жекешелендірудің арқасында ғана елімізде жеке меншік секторды құра алғанымызды ұмытып кеткен секілді». «Жүздеген мың ірілі- ұсақты, орта меншік иелері бірнеше жыл өмірін сарп етіп, маңдай тері мен қаржысы жұмсап аяғынан тұрғызған байлығын енді қайтадан талан-таражға салуға жол бермейді. Еліміздің экономикасын қайтадан жаңғыртқан да солар»,- деді Н.Назарбаев. Ол «жекешелендіру нәтижесін қайтадан қарауға жол бермеуге мемлекеттің өресі жетеді» деп атап көрсетті.
Н.Назарбаев лаңкестікке қарсы күресті қолдайтын Қазақстан «тұрақтылық аралы» қалпын сақтап қалғанын тағы бір атап көрсетті. «Бұл біздің ең басты жетістігіміз, ең үлкен бақытымыз»,- деді президент.

Перейти к новостям спорта