Елбасы қазақстандықтардың Ресейден жаппай көлік сатып алуының кері әсерін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы қазақстандықтардың Ресейден жаппай көлік сатып алуының кері әсерін атады

Елбасы қазақстандықтардың Ресейден жаппай көлік сатып алуының кері әсерін атады

 Бүгін «Елбасымен бірге - жаңа жеңістерге!» атты жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың Ресейден жаппай көлік сатып алуының кері әсерін айтты.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz


«Халық үшін бұл жаман емес. Қазақстандықтар ондаған мың арзан автомобиль сатып алды, байыды. Бірақ, қазақстандықтар оның келесі қырын түсінбейді. Иә, олар сатып алды, қазір бәрі жақсы. Бірақ, олар біздің автомобиль, тамақ кәсіпорындарымызды тұңғиыққа батырады. Ал ол жақта өздері, қазақстандықтар жұмыс істейді ғой. Сол жақтан айлық алады. Егер, сол  зауыттар тоқтап қалса, онда қазақстандықтардың жалақысы болмайды. Тіпті, арзан азық-түліктің өзін сатып ала алмайды. Міне, бұл екінші қыры», — деді Мемлекет басшысы.