Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Малайзияның бас билеушісімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Малайзияның бас билеушісімен кездесті

Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Малайзияның бас билеушісімен кездесті

Бүгін, 12-қыркүйекте Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Малайзияның бас билеушісі Саид Сираджуддин Ибни Аль-Мархум Туанку Саид Путра Джамалуллаил Янг Ди-Пертуана Агонга XII-мен кездесіп ресми келіссөздер жүргізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 499
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті Мәртебелі билеушіні Бейтарап елдер қозғалысының саммитін табысты өткізіп, осы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі мәртебелі лауазымға ие болуымен және алдағы уақытқа межеленген Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасау құқығына ие болуымен құттықтады.

Н.Назарбаев Қазақстан мен Малайзия арасында бірқатар ұқсастық бар екенін атап көрсетті. Атап айтсақ, Қазақстанның жаңа Елордасы Астана мен Малайзияның жаңа әкімшілік орталығы — Путраджайя қалаларының даму тарихы өте ұқсас. Алайда, Елбасының пайымдауынша, ең бастысы, екі елді «өзара барлық бағытта қолдау көрсетіп, екі жақты және көп жақты ынтымақтастыққа негізделген достық байланыстар орнатуға» деген риясыз ынта-жігер тіптен жақындастырып отыр.
Қазақстан мемлекет басшысы аймақтық және халықаралық деңгейдегі лаңкестікпен күрес ісіне Малайзияның қосып отырған үлесін жоғары бағалады. Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 1-шілдесінде Куала -Лумпур қаласында Оңтүстік-шығыс Азиядағы лаңкестікпен күрес жөніндегі аймақтық орталықтың ашылуы айрықша маңызды оқиға деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі процесстің бастамашысы ретінде Қазақстан Малайзияны аймақтағы ең бір ықпалды мемлекет ретінде танитындықтан, Оңтүстік-шығыс Азия елдері Ассоциациясының (АСЕАН) қауіпсіздік жөніндегі аймақтық форумы жұмысына осы ұйымның толық құқылы мүшесі ретінде қатысуға мүдделілік білдірді.
Елбасы Қазақстанда 40 конфессияға қарайтын 3000-ға жуық діни бірлестіктер бейбіт қатар өмір сүретінін ерекше атады. Осыған байланысты Қазақстан лидері мәртебелі мейманды қыркүйек айының соңында Астанада дәстүрлі ұлттық және дүниежүзілік діндердің құрылтайы өтетінінен, және онда қазіргі нақты ахуалға байланысты жер бетіндегі адамзат дүниесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі басты әңгіме өзегіне айналатынынан хабардар етті.

Соңғы жаңалықтар