«Бұл жаңа жаһандық қауіп хакерлердің шабуылдарына төтеп беруге мүмкіндік жасайды, – деді Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шарада. Елбасы кірпік қақпай, ел тыныштығын күзететін комитет қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің ширек ғасыры ішінде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік жүйе қалыптасқанын жеткізді. «Бұл орайда ұлттық қауіпсіздік органдарының қосқан үлесі зор», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.