Елбасы ҚХР-ның Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ҚХР-ның Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барады

Елбасы ҚХР-ның Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барады

Бүгін, 24-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына екі күндік жұмыс сапарымен барады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне президенттің баспасөз қызметі.

  • 24 Қыркүйек 2004
  • 534
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының сапары барысында аймақаралық ынтымақтастыққа баса назар аударылмақ. Шекаралық сауда-саттықты дамытуға қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстандық компаниялардың Шыңжандағы инвестициялық белсенділігін арттыру, энергетика, инвестиция және транспорт саласындағы болашағы бар ынтымақтастық бағыттарына, шекаралық өткелектердің инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланады.

Бұл Қазақстан президентінің Қытайға биылғы екінші сапары. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Н.Назарбаев мамыр айында Қытайда ресми сапармен болған. Сапар барысында сондай-ақ ол Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына да ат басын бұрып, онда Қазақстан-Қытай кәсіпкерлік форумына қатысқан.
Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан елшілігінің мәліметіне жүгінсек, 2003-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3,3 млрд. долларға жетті. 2004-жылдың алғашқы айларындағы сауда-саттық қарқыны өткен жылдардағы көрсеткіштен біршама арту ағымы байқалды. Бұл жағдай екі ел арасындағы тауар айналымы 4-5 млрд. доллар көлемінен едәуір артады деген болжам жасауға негіз болып отыр.

Перейти к новостям спорта