Нұрсұлтан Назарбаев мерейтойға арналған театрландырған қойылым өткен орталық стадионға жиналған 8 мыңнан астам қостанайлықтар алдында сөйлеген сөзінде: » Мен мұнда бәріңізді Қостанай облысының 70 жылдық мерейтойымен құттықтауға келдім. Биыл біз Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығын атап өтеміз. Біздің алға қойып отырған мақсатымыздың бірі, әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына ену. Біздің бұл мақсатқа жетуімізге барлық мүмкіндігіміз бар, себебі жыл сайын біздің басты игілігіміз — бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім артып келеді «, -деді.
Осыған дейін елбасы Қостанай ауданында болды. Мұнда президент «Садчиковское»ЖШС егін алқабын көріп қайтты. Облыс бойынша биыл жалпы 3613,1 мың гектарға бидай егілген. Басты азық өнімі-жаздық бидай 3306,7 мың гектар жерді алып жатыр. Облыс бойынша биыл бидай өнімі орташа есеппен алғанда бір гектар жерден 95 центнерден түседі.
Сондай -ақ президент Қостанай ауданы Садчиков ауылының «Иволга» мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.
«Қазақстанның әлемдегі 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына ену туралы мәселе көтерілгенде, мен басты мақсат ретінде біздің өндіретін тауардың бәсекелстік қабілетіне назар аударамын. Біз жуырда дүниежүзі сауда ұйымына кіреміз. Бұл Қазақстан бизнесінің өркендеуіне жол ашып қана қоймай, өндірілетін тауар сапасына жоғары талап қояды. Мен үкіметке арнайы «бейімделу бағдарламасын» жасап, жүзеге асыруды тапсырдым, бұл бағдарлама өтпелі кезеңде ауыл шаруашылығын қолдауға мүмкіндік береді, бірақ бәрі сіздерге байланысты. Әр ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болашаққа сеніммен қарауы тиіс, бизнесін дамытып, шикізат өнімін өңдеуді ілгерілетуі керек»,-деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Облыс егіншілері Елбасына аймақтағы егіншіліктің ұтымды құрылымын қалыптастыру туралы, ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын жақсарту, халықаралық сапа стандартын енгізу барысы жөнінде баяндады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті