Елбасының пікірінше, үкіімет басшысының орынтағын «нақты сектор және үкімет бағдарламалары тікелей жүзеге асырылатын республика аймақтарында жұмыс істеу тәжірибесін жинақтаған, үкімет жұмысын пәтуалы басқара алатын, таза прагматикалық қасиетке ие адам басқаруы тиіс «. «Дәл осындай қасиеттер Даниял Ахметовтың бойынан табылады деп санаймын «,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент мемлекеттік билік мекемелерінде көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Даниял Ахметов өзін жақсы қырларынан көрсете білді деп атап көрсетті.
Қазір Даниял Ахметовтың кандидатурасын депутатттар сарапқа салуда. Үкімет басшысының қызметіне кандидат ретінде ұсынылған Даниял Ахметов парламент депутаттарының сауалдарына жауап беруде.