Елбасы ҚР-ның жаңа үкімет басшысы ретінде Даниял Ахметовтың кандидатурасын ұсынды -кеңейтілген нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ҚР-ның жаңа үкімет басшысы ретінде Даниял Ахметовтың кандидатурасын ұсынды -кеңейтілген нұсқа

Елбасы ҚР-ның жаңа үкімет басшысы ретінде Даниял Ахметовтың кандидатурасын ұсынды -кеңейтілген нұсқа

"Бірқатар адамның кандидатурасын қарап көріп, парламенттің қос палатасы депутаттарымен ақылдасу негізінде мен үкімет басшысы ретінде Даниял Ахметовты бекітуді ұсынамын",- деді бүгін, 13-маусымда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 13 Маусым 2003
  • 515
Фото - Caravan.kz

Елбасының пікірінше, үкіімет басшысының орынтағын «нақты сектор және үкімет бағдарламалары тікелей жүзеге асырылатын республика аймақтарында жұмыс істеу тәжірибесін жинақтаған, үкімет жұмысын пәтуалы басқара алатын, таза прагматикалық қасиетке ие адам басқаруы тиіс «. «Дәл осындай қасиеттер Даниял Ахметовтың бойынан табылады деп санаймын «,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент мемлекеттік билік мекемелерінде көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Даниял Ахметов өзін жақсы қырларынан көрсете білді деп атап көрсетті.
Қазір Даниял Ахметовтың кандидатурасын депутатттар сарапқа салуда. Үкімет басшысының қызметіне кандидат ретінде ұсынылған Даниял Ахметов парламент депутаттарының сауалдарына жауап беруде.

Соңғы жаңалықтар