Елбасы: Құдай маған осының бәрін көтеруге күш-жігерді қалай берген деп таңғалам - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Құдай маған осының бәрін көтеруге күш-жігерді қалай берген деп таңғалам

Елбасы: Құдай маған осының бәрін көтеруге күш-жігерді қалай берген деп таңғалам

Нұрсұлтан Әбішұлы елді дағдарыстан жаратушының көмегімен құтқара алды. Бұл туралы бүгін Ақордадағы әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесуде мемлекет басшысы мәлімдеді.

  • 7 Наурыз 2019
  • 35
Фото - Caravan.kz

"Тәуелсіздік алған жылдары қазақ халқымен бірге, күнді- түнді жұмыс істедім. Өте ауыр өткелдермен жүрдік. Кеңес Одағы ыдырады, бізде ештеңе қалмады. Есіңтеріңізде ме? Мен сіздердге бәрін тізіп айтқым келмейді. Жалақысыз, зейнетақысыз, отынсыз, дүкендерде нансыз, киімсіз болды, ештеңе жоқ еді. Біз қайда баратынымызды, не істерімізді білмедік. Жылдам жүзеге асқан реформаларың арқасында жеңдік.

Мемлекет басшысы КСРО ыдырағаннан кейінгі оңтүстік-шығыс дағдарыстары туралы, көрші Ресейде рубль құлағаны, сондай-ақ Қазақстанда да елімізде қиындықтар туындағаны туралы айтты.

"Ал  ең қиыны 2007-2009 жылдардағы ең ауыр қаржылық-экономикалық дағдарыс. Бұл дағдарыс Америкада бастады, оны бүкіл әлемде таратты. Және жинақталған қорлар арқасында біз осы дағдарыстан шығып кеттік. Өткенге көз жүгіртіп, кейде тіпті Алланың маған осының бәрін көтеретін күш-жігерді қалай берген деп  ойланам», — деді елбасы. 


Соңғы жаңалықтар