Елбасы "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ төрағасы С. Мыңбаевқа нақты тапсырмалар бұйырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ төрағасы С. Мыңбаевқа нақты тапсырмалар бұйырды

Елбасы "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ төрағасы С. Мыңбаевқа нақты тапсырмалар бұйырды

"Теңізшевройл" ЖШС кеңейту жобасын жүзеге асыруды жеделдету қажет, - деп хабарлайды today.kz

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 746
Фото - Caravan.kz

Бұндай тапсырманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауда өткен жиында министрліктер мен ведомство басшыларына және жобаны жүзеге асыруға жауапты адамдарға айтты.

"Міне, осы жұмысты "ҚазМұнайГаз", Үкімет пен министрліктер ТШО-мен бірлесіп атқарулары қажет. Бұл Қазақстанның өндірісін қарқындататын жеңіл мұнай", — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бұндай тапсырманы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ төрағасы Сауат Мыңбаевтың ақпараттарынан кейін айтты.

"ТШО-ға қатысты дамыту жобалары 38 млрд. долларға шықты. Кейін барлық мердігерлермен бюджетті қысқарту туралы келіссөз жүргізу туралы шешім қабылданды. Бүгінде келісімнің жалпы құны 34 млрд. долларды құрап отыр. ТШО акционерлері жоба іске асады деп сендіруде", — деді Сауат Мыңбаев.


Атырау облысы Кашаған теңіз кен орнында мұнай құбырының екі тармағының жарылуы салдарынан үзілген коммерциялық мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылдың аяғында жаңартылады. Бұл туралы бүгін Атырауда Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңес барысында "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ төрағасы С. Мыңбаев хабарлады.

"Қашаған кен орнына құбыр төсеу бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 2016 жылдың қыркүйек-қазанында пайдалануға беріледі деп күтіп отырмыз. Ал коммерциялық өндіру келесі жылдың аяғында басталады", — деп мәлімдеді С. Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар