Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
Аймақ әкімдері арасында Қарағанды облысынан кейін сөз алған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев баяндамасын орысша бастағаны сол еді Елбасы оны тоқтатып:
"Қызылордадан келсең де, қазақша бастамайсың, ә?", — деді.
Облыс әкімі Президенттің ескертуіне "Қазақша білетінімді бәрі біледі емеспе. Сізге экономикалық терминдер ыңғайлы болсын дедім, рұқсат етіңіз", — деді Қырымбек Көшербаев.