Елбасы мен Қытай Компартиясының өкілі екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.
Қытай — Қазақстанның ең маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. 2003-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3,3 млрд. долларға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ТМД аясында Қытайдың екінші орындағы ірі сауда әріптесіне айналды. 2004-жылдың алғашқы тоқсанында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,16 млрд. долларға жетіп, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 87,7 процентке артты.