Елбасы Ресей Президентімен кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ресей Президентімен кездесу өткізді

Елбасы Ресей Президентімен кездесу өткізді

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті.

  • 27 Ақпан 2017
  • 346
Фото - Caravan.kz

Алатау бөктеріндегі басқосуға екі жақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер арқау болған. Елбасы өз сөзінде Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының ерекше екендігін атап өтіп, өзара сенімділіктің жоғары деңгейде қалыптасқанын тілге тиек етті.

Мысал ретінде, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мен еліміздегі 7 мыңға тарта бірлескен кәсіпорын қызметін алға тартты. «Оның үстіне, екі ел әлемдік ахуалдарға қатысты біркелкі мақсат-мүддені ұстанады» — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Владимир Путин өз кезегінде Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінің нәтижелі өткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде ғаламдық проблемаларды шешуге атсалысады деген сенімін жеткізді.

— Во исполнение базового договора о дружбе и сотрудничестве, мы за 25 лет, я считаю, построили образцовые отношения, которые должны быть между дружественными соседями и государствами. Тем более в этом году 25 лет дипломатических отношений. Соответствующие ведомства это отмечают, нужно приветствовать это. И важная веха нашего сотрудничества. Сегодня 7 тысяч российских предприятий имеют компании в Казахстане, создают огромное перерабатывающих предприятий. Ваш осенний визит и проведение огромного бизнес-форума. Сначала в Санкт-Петербурге, потом у нас позволили подписать 41 контракт на 3 миллиарда долларов, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

— Қазақстанмен экономикалық тұрғыда сенімді серіктеспіз. Оны өзіңіз де білесіз. Алайда, соңғы кезде екі жақты экономикалық көрсеткіштеріміз төмендей бастады. Бұған валюталық айырмашылықтар мен тауарлар бағасының құбылуы әсер еткен. Дегенмен, арадағы алыс-берістің көлемі өзгерген жоқ. Алдағы уақытта оны одан әрі арттырып, тұрақты деңгейге жеткізуіміз керек. Ол үшін қажетті жағдай жасалған. Еуразиялық банк та тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл қаржы институты қазірдің өзінде, Қазақстандағы бірнеше миллиард доллардың жобасын мақұлдады, дейді Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин.


Соңғы жаңалықтар