Елбасы Ресей және Иран басшыларымен ядролық қарудан азат аймақтарды қалыптастыру мәселесін талқылады
ШЫҰ саммитінің аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің және Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадтың үшжақты кездесулері болып өтті, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметінен. |
«Кездесу барысында үш елдің аймақтық саясаттағы әртүрлі қырлары, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемалар, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау мәселесі және ядролық қарудан еркін аймақты қалыптастыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды», - делінген Ақ орданың ресми сайтындағы жарияланған хабарда.
ШЫҰ саммиті Астанада 15-ші маусымда өтті. Ұйымдағы төрағалық Қазқстаннан Қытайға тапсырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін