Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тамыздың 24-інен 25-іне қараған түні Ресейдің оңтүстігінде екі бірдей ұшақ апатқа ұшырады. Домодедово әуежайынан ұшып шыққан екі ұшақ біраз уақыттан кейін радар экранынан жоғалып кетті.
Ту-134 пен Ту-154 ұшақтарының апатынан 90 адам мерт болды. Ресейде осыған байланысты 26-тамыз — қаралы күн деп жарияланды.