Елбасы ресми сапармен Пәкістанға аттанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ресми  сапармен Пәкістанға аттанып кетті

Елбасы ресми сапармен Пәкістанға аттанып кетті

Бүгін, 8-желтоқсанда түс қайта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен аттанып кетті.

  • 8 Желтоқсан 2003
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Елбасының Пәкістанға ресми сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қою көзделіп отыр. Атап айтсақ, тараптар өзара инвестицияны ынталандыру және қорғау туралы келісімге, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге, салалық банктер ашу шарттары туралы және банк іс-қызметіне бақылау жасау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Пәкістан ұлттық қазіргі заманғы тілдер университеті арасындағы келісімге қол қоюға уағдаластық жасасқан.
Ресми сапартоп құрамында сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев, Елбасының көмекшісі Кәрім Мәсімов, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко және Астана әкімі Темірхан Досмұхамбетовтар бар.
Сапар аясында Исламабадта «Қазақстан — сіздің сауда және инвестициялық серіктесіңіз» деген тақырыпта бизнес-форум өтеді.
Форумды Қазақстанның Пәкістандағы елшілігінің ресми қолдауымен, инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі «Қазинвест» орталығы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті және Пәкістан Үкіметі жанындағы Инвестициялар жөніндегі бюросы бірлесіп ұйымдастырады. Форум аяқталғаннан кейін екі мемлекет кәсіпкерлерінің арасында екіжақты келіссөздер өтеді.

Соңғы жаңалықтар