7-10-қарашаға дейін созылатын сапар барысында Н.Назарбаев Сингапур президенті Селлапан Рама Натанмен кездеседі. Еліміз өкілдерінің құрамында сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, Елбасының көмекшісі Кәрім Мәсімов, ҚР Ұлттық банкі басқармаларының төрағасы Григорий Марченколар бар.
Бұл елден кейін Н.Назарбаев Филиппины және Оңтүстік Корея республикаларына болып, аталмыш елдердің мемлекет басшыларымен жүздеседі. Елбасының Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне сапары 14-қарашаға дейін созылады.