«Біз үшін ең бастысы экономикалық жаңғыру жаңа жұмыс орындарын ашумен және еңбекті қазіргі заман талабына сай ұйымдастырумен сабақтаса жүзеге асырылуы болмақ»,- делінген президент хатында.
«Бүгінде жұмысшылар, жұмыс берушілер мен мемлекет мүддесінің тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, адал жұмыс істеу мен лайықты жалақы төлеуге жағдай жасау, әрбір азаматқа өз тұрмыс ахуалын жақсартуға бірдей мүмкіндіктер туғызудың маңызы зор»,- делінген құжатта. «Еліміздің басты тірегі, жоғары құндылығымыз — осы еңбек адамы»,- дейді Елбасы.
Жолдауда атап көрсетілгеніндей, «Республика экономикасының өнеркәсіп, аграрлық және бюджет саласының қызметкерлері өздерінің ерен еңбегімен, белсенді азаматтық ұстанымымен және жаңартуларды қолдау арқылы тәуелсіз Қазақстанның дамып көркеюіне өлшеусіз үлес қосты». «Баршамыздың ортақ күш-жігеріміз, жан аямаған ерен еңбегіміздің арқасында еліміз ауыз толтырып айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізіп, дүниежүзінде жоғары беделге ие болды»,- деп атап көрсетілген мемлекет басшысының құрылтайға қатысушыларға арнаған жолдауында.