Елбасы Руанда Президентімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Руанда Президентімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Елбасы Руанда Президентімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамемен кездесті.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 512
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты  дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер талқыланды.

Қазақстан Президенті екі елдің бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою маңызды екенін айтты.

«Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді ғана қарым-қатынас орнатып жатқан жас ел болып саналамыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы П.Кагаменің өз елінде бейбітшілік орнату үшін елеулі күш-жігер жұмсағанына да назар аударды.


«Руанда халқы сұмдық геноцидті бастан өткерді, Сіз оған тоқтау сала алдыңыз және бүгінде республиканы дамыту үшін көп нәрсе жасап жатырсыз», — деді Қазақстан Президенті.

Руанда Президенті өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді. 

null

Соңғы жаңалықтар