12 жасар Жандос Мұхаммедовқа компьютерді Елбасының атынан Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің төрайымы Нұрсұлу Тасмағамбетова табыс етті.
Ауру салдарынан жүріп-тұрудан қалған Жандос компьютерлі болсам деп көптен бері қиялдап жүрген. Бірақ отбасында ондай мүмкіндік жоқ еді. Сөйтіп, Елбасының атына өзінің арман-мұраты туралы хат жолдаған Жандостың бір қиялы орындалды.