Елбасы саяси партияларды ұлттық мәселеде этикалық нормаларға бағынуға шақырды
"Қазақстанда жұмыс істейтін барлық саяси партиялар өз іс-қызметінде, атап айтсақ, сайлау алдындағы тартыс кезінде этникалық проблемаларға қатысты тежегіш, шектен шығып кетуге жол бермейтін шеңбер ролін атқаратын арнайы келісімге қол қоюы қажет". Бүгін, 23-желтоқсанда Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай ұсыныс білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Президенттің пайымдауынша, "ұлт-ұлыстық мәселелерді әсіреқызыл саясаттандыруға жол бермеу үшін белгілі бір моральдық принциптерге, этикалық нормаларға бағыну керек". "Бұл әсіресе алдағы парламент сайлауы қарсаңында айрықша қажет",- деді мемлекет басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін