Елбасы Семей тұрғындарымен жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Семей тұрғындарымен жүздесті

Елбасы Семей тұрғындарымен жүздесті

Бүгін, 24-маусымда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей тұрғындарымен жүздесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Маусым 2005
  • 464
Фото - Caravan.kz

Қаланың орталық алаңындағы президентпен кездесуге студенттер, соғыс ардагерлері, кәсіпорындар мен ұйым қызметкерлері келді.

Мемлекет басшысы Семейліктерге жылы шыраймен қабылдағаны үшін ризашылық білдірді. «Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымды Семейден бастауымның өзіндік себебі бар. Өйткені мен Семейді ұнатамын»,- деп ағынан жарылды президент.
Мемлекет басшысы Семейдің күн өткен сайын көріктене түскенін, кәсіпкерліктің қарқынды дамып, кәсіпорындар санының арта түскенін атап өтті.
«Халықтың көңіл-күйі жаппай көтеріңкі»,- деді ол.
«Еліміздегі жақсылық атаулының бәрі, экономиканың өсімі мен реформалар — саяси тұрақтылықтың, әрбір адамның бір-біріне деген құрметінің жемісі. Бұл қасиеттердің барлығын сақтап қалуға тырысу керек. Сонда ғана олар тіршілікті жақсартуға және елдің одан әрі өсіп-өркендеуіне қызмет ететін болады»,- деді президент. Қазақстан аймақ елдеріне тұрақтылық пен экономикалық өсім үлгісі болмақ,- деді Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта