Жарияланды: 980

Елбасы Шымкенттегі медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтар мен бұйымдарды зарарсыздандыру орталығында болды

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Шымкенттегі жаңа медицина нысанда - медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтар мен бұйымдарды зарарсыздандыру орталығында болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл әзірге ТМД аумағындағы бірден-бір және Қазақстандағы осындай жалғыз орталық. Оның мақсаты - Оңтүстік Қазақстанның ауруханалары мен емханаларын зарарсыз құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. "Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен ем-домның әсеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі - медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтар мен бұйымдарды зарарсыздандыру болып табылады. Бұл орталық 5 200 тұрақты төсектік аурухананы және 32 операция жасау блоктарын қамтамасыз етуге қабілетті", - деді орталықтың бас дәрігері Ғалымжан Әбіш. Бұл нысанның конкурстық құны 1 млрд. 316 млн. 900 мың теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесі - 338,5 млн. теңгені, медициналық жабдықтар - 978,4 млн. теңгені құрайды. Орталық құрылысы өткен жылы "Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" қазақстандық холдингі" АҚ және облыстық бюджет қаражатының есебінен басталды. Бірінші кезеңде құрылысшылар 420 миллион теңгені игерді. Өндірістік жұмыстардың кестесіне сай шілдеде ғимарат құрылысы аяқталды, ал тамызда CISA S.P.A. (Италия) шығарған, тот баспайтын болаттан жасалған медициналық жабдықтарын жеткізіп беру, іске қосу-реттеу және мамандарды даярлау жұмыстарын жүргізу басталды. "Мұның барлығы да біздің азаматтарымыздың денсаулықтарын қауіпсіздендіруге бағытталған, біздер ауылдық жерлердегі алғашқы дәрігерлік көмек саласын кеңейтуге тағы бір қадам жасайтын боламыз. Жалпы, соңғы жылдары денсаулық сақтауды қаржыландыру Қазақстанда 7 есеге артты - мұндай ешқашан болған емес", - деп атап айтты Н.Назарбаев. Шымкентте Мемлекет басшысы денсаулық сақтау мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді, онда осы саланың даму келешегі егжей-тегжейлі қаралды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін