Елбасы: ШЫҰ аясындағы қауіпсіздік саласы осы жылдар ішінде елеулі дамуға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: ШЫҰ аясындағы қауіпсіздік саласы осы жылдар ішінде елеулі дамуға ие болды

Елбасы: ШЫҰ аясындағы қауіпсіздік саласы осы жылдар ішінде елеулі дамуға ие болды

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің алғашқы он жылын жалпы алғанда табысты деп бағалап отыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттері басшыларының отырысы кезінде айтты.

  • 15 Маусым 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Біздің көзқарасымыз бойынша, 2001 жылы негізгі басымдықтарының бірі ретінде терроризммен, сепаратизм және экстремизммен күрес ретінде нақтылаған құрылым ретіндегі ШЫҰ құру, сол кезеңнің үрдісіне мүше-мемлекеттердің дер кезінде жасаған реакциясы болды. Оған халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің сәулетіне өзгеріс енгізіп, әлемді дүр сілкіндірген 11 қыркүйек оқиғасы дәлел болып отыр»,- деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Н.Назарбаев атап өткендей, ШЫҰ аясындағы қауіпсіздік саласы осы жылдар ішінде елеулі дамуға ие болды. Беделді келісім-құқықтық база құрылды, аймақтық-лаңкестікке қарсы құрылым бекітілді (АЛҚҚ), өкілетті органдар арасында тығыз байланыстар орнатылып, лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар үзбей өткізіліп тұрады. Сонымен қатар лаңкестік, сепаратистік және экстремистік қызметтегі ұйымдарға қатысы бар тұлғалар туралы ақпарат алмасу жақсы жолға қойылған. АЛҚҚ атқару комитетінің хабарлауынша, 2004-2011 жылдар аралығында лаңкестік әрекет жасаудың 500-ден астам талпынысына тоқсауыл қойылды.

Сонымен қатар, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар, заңсыз көші-қонға қарсы күресте, сонымен қатар қорғаныс, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және болдырмау және халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзара ықпалдасудың белсенділігі елеулі түрде артқаны көрініп отыр, деп атап өтті ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар