Елбасы ШЫҰ елдерін кибертерроризмге тосқауыл қойып, «электрондық шекара» түсінігін енгізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ШЫҰ елдерін кибертерроризмге тосқауыл қойып, «электрондық шекара» түсінігін енгізуді ұсынды

Елбасы ШЫҰ елдерін кибертерроризмге тосқауыл қойып, «электрондық шекара» түсінігін енгізуді ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ елдерін кибертерроризмге тосқауыл қойып, «электрондық шекара» түсінігін енгізуді ұсынды.

  • 15 Маусым 2011
  • 359
Фото - Caravan.kz

«Терроризм, сепаратизм және есірткі бизнесі біздің елімізге тарату, бүкіл әлемге енгізу үшін әлемдік интернет желісін пайдаланады. Бұл желілік деструктив бәрімізге ортақ тағы бір қауіп болып отыр. Сондықтан ШЫҰ елдері кейінге қалдырмай, оларға бірлесіп тосқауыл қоюға тиіс», — деді ол сәрсенбі күні ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитінде.

Оның айтуынша, мұндай қорғаныс тәжірибесі АҚШ-та бар. «Онда киберқауіпсіздіктің қатаң доктринасы, киберқауіптер мен кибертерорризмге қарсы тұру шараларының кешені қабылданған», — деді ол.

«Халықаралық құқыққа электрондық шекара, электрондық егемендік деген жаңа түсініктер енгізетін уақыт жетті. Біз ресейлік және қытайлық достарымыздың жұмысына қолдау көрсетіп, осы бағытта ШЫҰ-ның ортақ жұмылдырылған ұстанымын шығаруға тиіспіз», — деді Қазақстан президенті.

«Сонымен бірге, біз жаңа технологиялар әкелетін желілік позитив үшін ашық болуға тиіспіз», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар