деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті.
ИИР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына жылы шырайлы қабылдауы үшін өз ризашылығын білдірді.
— Біздің кездесуіміз достық көңіл-күйде өтті және өте сындарлы сипатта болды, — деді Махмуд Ахмадинежад кездесуден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Келіссөздер барысында екіжақты әріптестіктің әртүрлі қырлары, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
— Биылғы жылы біз ШЫҰ-ның он жылдығын атап өтеміз. Мен мерейтойлық саммит барысында барлық өзекті проблемалар талқыланады деп сенемін. ШЫҰ-на мүше елдердің бай әлеуеті ұйымның кез келген мәселені шешуіне мүмкіндік береді, — деп атап өтті М.Ахмадинежад.
— Менің сапарым Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа-тұс келді. Мен халықтың еркінің және Президенттің данагөй басшылығының арқасында, сіздердің елдеріңіз даму қарқынының жоғары көрсеткішіне одан әрі қол жеткізе беретініне сенемін, — деп атап өтті Иран Президенті.