Елбасы сөз бостандығын әлдекімдердің жеке басының қамына пайдалануына жол бермеуге бағытталған шараларды күшейтуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы сөз бостандығын әлдекімдердің  жеке басының қамына пайдалануына жол бермеуге  бағытталған шараларды күшейтуді ұсынады

Елбасы сөз бостандығын әлдекімдердің жеке басының қамына пайдалануына жол бермеуге бағытталған шараларды күшейтуді ұсынады

"Үкімет сөз бостандығын әлдекімдердің жеке басының қамына пайдалану көріністерінің алдын алу үшін жеке тұлғаның ар-ұжданы, адамгершілігі мен іскерлік беделін қорғауға бағытталған заңнамалық тетіктерді күшейтуге бағытталған ұсыныстарды тез арада енгізуі қажет". Бұл туралы бүгін, 15-маусымда "Отан" республикалық саяси партиясының кезектен тыс жетінші сьезінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 15 Маусым 2004
  • 518
Фото - Caravan.kz

«Демократия — заңның өктемдігі дегенді тағы да бір мәрте еске салуға мәжбүр болып отырмын. Іштен ірітуге бағытталған әрекеттері мен мәлімдемелері заңға қайшы келіп жататын әрі сол әрекеттері қазіргі конституциялық құрылымды күйретуге бағытталған кейбір саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ-тар мен жекелеген тұлғалардың іс-қызметін біз бұдан былай дәл осы көзқарас тұрғысынан бағалайтын боламыз»,- деді президент.

Н.Назарбаевтың атап көрсетуінше, «қоғамдық-саяси бағыттағы бірқатар БАҚ-тарда ұлтаралық араздықты өршітуге, ұлттық немесе рулық-тектік артықшылықты насихаттауға және басқа да заңға қайшы әрекеттерге жүйелі түрде жол берілуде». «Бұл мүлдем жол беруге болмайтын деректер. ҚР Ата заңының кепілі ретінде мен еліміздің негізгі заңының ережелерін бұлжытпай орындауды баршадан талап ететін боламын»,- деді президент.
Елбасы сондай-ақ, заңға бағыныштылық тұрғысынан азаматтарға саясаткерлер үлгі болуы тиіс деп атап көрсетті. «Азаматтарды заң аясында әрекет етуге сол саясаткерлер оқытып-ағартуға міндетті. Сондай жағдайда ғана біз шынайы демократия орната аламыз»,- деді Елбасы.