Елбасы судья лауазымына кандидаттарды даярлау мен іріктеу тетігін барынша қатайтуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы судья лауазымына кандидаттарды даярлау мен іріктеу тетігін барынша қатайтуды тапсырды

Елбасы судья лауазымына кандидаттарды даярлау мен іріктеу тетігін барынша қатайтуды тапсырды

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада өткен кеңесте судья лауазымына кандидаттарды даярлау мен іріктеу тетігін барынша қатайтуды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Қараша 2008
  • 566
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңесте еліміздегі сот реформасын жүзеге асыру мәселелері мен оның болашағы қаралды.

Кеңеске Жоғарғы соттың, Жоғары сот кеңесінің, президент әкімшілігінің басшылығы, сондай-ақ республика үкіметінің өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы сот жүйесінің жай-күйі мен оны дамытудың келешегі, елдің жаңарған Конституциясы аясында сот корпусын қалыптастыруға бағытталған негізгі қадамдар туралы баяндамаларды тыңдады.

Тұтастай алғанда, Нұрсұлтан Назарбаев сот жұмысындағы елеулі жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар, сот органдары басшыларының назарын сот жүйесі қызметіндегі бірқатар кемшіліктерге аударды.

Жоғарғы соттың, Жоғары сот кеңесінің, президент әкімшілігінің басшыларына судья лауазымына кандидаттарды даярлау мен іріктеу тетігін барынша қатайту, судьялардың өз міндеттерін лайықты атқаруына бақылау мен талапты күшейту, сот төрелігі жүйесінің қызметі туралы жаңа заңнаманы тиімді орындау үшін тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске қатысушылардың назарын сот шешімдерін іске асырудың тиімділігін арттыру қажеттігіне аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша сот жүйесін одан әрі реформалаудың маңызды қадамдары айқындалған Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жобасының негізгі қағидалары мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар